г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
8 (7252) 77-55-33
info@hbsh.nis.edu.kz

Жатақхана

Жатақхана

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана 132 орынды құрайды.

Жатақхана мектеп қабырғасының ішінде блок ретінде орналасқан. Үш қабаттан тұрады, әр қабатта  11  жатын бөлмелерден тұрады. Бір бөлмеде 4 оқушы орналасуға мүмкіндік бар. Әрбір бөлмеде балаға оқу үстелі, жатын кереует, жуынатын бөлме және тағы басқа жабдықтармен қамтылған.

Бірінші қабат спорттық жабдықтармен, плестейшн ойын құралымен, балаларға арналған теледидармен және сабақ  оқуға арналған орындармен, дивандармен жабдықталған. Екінші қабатта этно үлгідегі  бұрыш пен,  интерактивті тақта мен, диван және сабақ орындауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған.Үшінші қабат балалар кітапханасымен, сабақ орындайтын орынмен, демалуға арналған дивандармен жабдықталған.

Жатақхана балалары үшін ішкі ережелер құрастырылған.

Мысалы: бала сабақтан бос уақытында демалуға, үйірмелерге қатысуға, спорттық жаттығулармен айналысуға мүмкіндіктер бар.

Жатақхана қабырғасында сапалы өнім, сырлы сандық, кестелі орамал, құрақ құру, киіз өнімдері, гобелен секілді үйірмелер жүргізіледі.

Жатақхана балалары үшін  спорттық іс-шаралар, тәрбие сағаттары, саяхаттар ұйымдастырылады.