г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
8 (7252) 77-55-33
info@hbsh.nis.edu.kz

Критериалды бағалау ережесі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 2016 жылдың 15 тамызындағы шешімімен бекітілген (№ 39 хаттама)

(өзгерту мен толықтырулар: 17.08.2017 ж №42; 22.08.2018 №48, 17.01.2019 №2; 15.08.2019 №37)

 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 1-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 1-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі (бұдан әрi – Ереже) негізгі қызметі білім беру болып табылатын «Назарбаев Зияткерлiк мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма шешімімен 2017 жылдың 16 тамызындағы (хаттама №41) бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ білім беру бағдарламасы – NIS-Рrogramme (бұдан әрі – Білім беру бағдарламасы) бойынша оқитын «Назарбаев Зияткерлiк мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) оқу жетістіктерін критериалды бағалаудан өткізу және оны ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
  2. Берілген Ереже осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жетілдірілген критериалды бағалау моделіне көшу кестесі бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
  3. Аталған Ережеде төмендегідей анықтамалар қолданылады:
  • бағалау критерийі – оқушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі;
  • балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте;
  • дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама;
  • жиынтық бағалау – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі;
  • жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде (тоқсан, оқу жылы, білім беру    деңгейі)    және   оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарының пән бойынша оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған оқушылардың жұмысы;
  • критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде оқушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі;
  • критериалды бағалау бойынша электрондық журнал – жиынтық бағалау (бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсан) нәтижелерін тіркейтін және тоқсандық, жылдық, қорытынды бағаларды автоматты түрде есептеу мен балды бағаға айналдыруды жүзеге асыратын электрондық құжат;
  • қалыптастырушы бағалау – оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, оқушымен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісі барысында жүргізілетін бағалаудың түрі;
  • модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша оқушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс;
  • оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы – нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент;
  • оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым;
  • оқушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына оқушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл;
  • оқушының оқу жетістігі деңгейі – бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі;
  • рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі;
  • тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы – тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптар;
  • ерекше қажеттілігі бар оқушы – тумысынан немесе жүре пайда болған ауруы бар оқушылар (уақытша еңбекке жарамсыздық, мүгедектік);
  • ерекше жағдайларды қамтамасыз ету – жиынтық бағалау өткізу кезеңінде ерекше қажеттілігі бар оқушы үшін ерекше жағдайды ұйымдастыру және жасау.
  1. Барлық оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізіледі.
  2. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.

 

2. Қалыптастырушы бағалауды өткізу тәртібі

 

  1. Қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды.
  2. Қалыптастырушы бағалау кезінде Зияткерлік мектептердің мұғалімдері оқушыларға кері байланысты міндетті түрде береді. Баға, балл қою жүргізілмейді.
  3. Қалыптастырушы бағалау оқудағы іс-әрекеттің әр кезеңінде (тақырыпты түсіндіру, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру және т.б.) түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады (сауал қою, тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).
  1. Жұмысты ұйымдастырудың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері қолданылады.
  2. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқу үдерісін дер кезінде түзетіп отырады, оқушылардың жиынтық бағалау жұмысын тапсырғанға дейінгі кемшіліктерінің, олқылықтарының алдын алады.
  3. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылар пән бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді.
  4. Оқушы белгілі себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет.
  5. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою кезінде есептелмейді.

 

3. Жиынтық бағалауды өткізу тәртібі

 

  1. Жиынтық бағалау оқушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі) оқуды аяқтағандағы оқу жетістігі деңгейін анықтау мақсатында баға, балл қою арқылы өткізіледі. Жиынтық бағалау нәтижесінде мұғалімге, оқушыға, ата-анаға және басқа мүдделі заңды өкілдеріне оқушының ілгерілеуі туралы ақпарат беріледі.
  2. Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі.

15-1. Тоқсандық жиынтық бағалау «Дене тәрбиесі» пәнінен өткізілмейді. 15-2. 4-тоқсанда сыртқы жиынтық бағалау өткізілетін пәндер бойынша

тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.

  1. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша пәнге қатысты жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде Зияткерлік мектептің мұғалімдері жүзеге асырады.
  2. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен балл қою кестесін құрастыру ДББҰ Әдістемелік кеңесімен ұсынылып, «Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ филиалымен құрастырылған тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациялары және пәндер бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде Зияткерлік мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен жүзеге асырылады.
  3. «Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ филиалы (бұдан әрі – ПӨО) Зияткерлік мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп, тоқсандық жиынтық жұмыс пен балл қою кестесіне «Педагогикалық білімдер базасы» сайтының (nis.edu.kz) «Бағалау» бөлімінде онлайн сараптама жүргізеді.
  4. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен өткізудің кестесі Зияткерлік мектептері директорының бұйрығымен бекітіледі.

19-1. Аптасына жүктемесі 1-2 сағаттан тұратын пәндерден тоқсандық жиынтық бағалау 40 минуттан аспауы қажет. Аптасына жүктемесі 3 сағат және одан көп пәндерден тоқсандық жиынтық бағалау 80 минуттан тұрады.

Осы уақыт нормасы «Тіл және әдебиет» білім беру аясына таралмайды.

«Тіл және әдебиет» білім беру аясы үшін жиынтық бағалау өткізу ұзақтығы тоқсан      бойынша      жиынтық      бағалау      спецификациясымен    реттеледі.

«Айтылым»/«Тыңдау және айтылым» дағдысын бағалау жиынтық бағалау жоспарланған уақыт барысында жүргізіледі.

  1. Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі Бағалау саясатында белгіленген мерзімге сәйкес Зиятекерлік мектептері директорларының бұйрығымен бекітіледі және мұғалімдер, оқушылар, ата- аналар немесе басқа да заңды өкілдер тоқсан басында хабардар етіледі. Бір оқу күнінде екі тоқсандық жиынтық жұмыстан көп өткізілмейді.

20-1. Еңсерілмейтін мән-жайдағы әрекеттер туындаған жағдайда, мысалы, төтенше және шарасыз (табиғи құбылыстар, әскери әрекеттер т.б.), тараптардың еркінсіз жиынтық бағалауды тапсыруды бекітілген мерзімде өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалаудың мерзімін мектеп директорының бұйрығы негізінде өзгертуге болады.

  1. Барлық оқушылардың жиынтық бағалау жұмысын орындауы міндетті. 21-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау кестесі Зияткерік

мектептердің әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамасымен бекітеді.

  1. Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар, жылдық бойынша жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
  2. Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде белгілі себептермен (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) келмеген оқушы мектепке келген соң екі апта ішінде тоқсандық және/немесе бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысын тапсыруы қажет, ол үшін оқушылардың бөлім/ортақ тақырып бойынша меңгерген тақырыптары негізінде құрастырылған жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.

Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде белгісіз себептермен келмеген оқушыға (бекітілген формадағы медициналық анықтаманың, Зияткерлік мектеп директорының бұйрығының болмауы) жиынтық бағалау бойынша «0» балл қойылады.

Жиынтық бағалау кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзушылық дерегі анықталса, оларға Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының академиялық адалдықты сақтау ережесі мен Оқушыларға арналған ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған шаралар қолданылады.

23-1. Оқушы Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауыстырылған кезінде қабылдаушы Зияткерлік мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері филиалдарының Типтік оқу бағдарламаларында көрсетілген пәндер тізіміне сәйкес Білім беру бағдарламасындағы және Халықаралық Бакалавриат бағдарламасындағы, сондай-ақ үлгерім табеліндегі пәндер арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оқушының оқымаған пәні бойынша қабылдаушы

Зияткерлік мектеп бір апта ішінде жеке сабақтардың кестесін жасайды (бұдан әрі – кесте), кестеге сәйкес сабақтарды ұйымдастырады, содан кейін оқыған кезеңі бойынша бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауды ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей тапсырады.

  1. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балдары дескрипторларға сәйкес, ал тоқсандық жиынтық бағалаудың балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады.
  2. Оқушылардың оқу нәтижелерінің дұрыстығы, айқындығы үшін мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізеді.
  3. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары балл қою кестесімен бірге оқушылардың портфолиосында сақталады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге мұғалімде сақталады.
  4. Оқушы портфолиосының жүргізілуі мен сақталуына кураторлар жауап береді.
  5. Портфолио оқушылардың атаулы құжаты болып табылады, ол барлық мұғалімдерге, әкімшілікке, ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға қолжетімді болуы қажет.
  6. Оқушылардың портфолиосы Зияткерлік мектептерде бір оқу жылы бойында сақталады.
  7. Әрбір оқу жылының соңында оқушылардың портфолиолары осы Ереженің 1-1 қосымшасында көрсетілген акт бойынша жойылады.

30-1. Оқушыны басқа Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауыстыру кезінде оқушының оқу жетістіктерінің портфолиосы жеке ісі құжаттарымен бірге ата- анасына немесе басқа заңды өкілдеріне беріледі.

 

4. Тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу тәртібі

 

  1. Тоқсандық жиынтық бағалауға модерация өткізу бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмысының нәтижесін талқылауға арналған.
  2. Модерация бір пәннен сабақ беретін мұғалімдермен бірге параллель сыныпта өткізіледі.
  3. Модерация әр тоқсанның соңында өткізіліп отырады. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспауы керек. Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының нәтижесі өзгеруі мүмкін.
  4. Мектеп әкімшілігі әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен бірлесе отырып, жұмысты талқылау үдерісін реттеп отыру үшін алдын ала модерация өткізудің орны мен уақытын белгілейді, оны модерация отырысының төрағасы бекітеді. Модерация отырысының төрағасы әдістемелік бірлестік жетекшісі, сондай-ақ, кез келген пән мұғалімі бола алады.
  5. Модерация өткізгенге дейін оқушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарын (бұдан әрі – жұмыстар) алдымен мұғаліммен тексеріледі.

Мұғалімнің тексерген жұмыстарының ішінен білім алушылардың үш жұмысын іріктеп алады, модерация отырысында талқылау үшін алдын ала шифрлеп, көшірмелерін дайындайды.

Балл қою кестесіне сәйкес бағалауда қиындық тудыратын, максималды және минималды балл қойылған жұмыстар іріктеледі. Егер мұғалім бірнеше параллель сыныпта сабақ беретін болса, жұмыстың жалпы саны бойынша іріктейді.

  1. Модерация отырысында мұғалімдер балл қою кестесіне сәйкес пән бойынша балдарды талқылайды. Балл қою кестесіне қажетті жағдайда өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізіледі.
  2. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық бағалау жұмысының балдары модерация отырысында келісілген балл қою кестесі негізінде қойылады. Қойылған балды өзгеру қажеттілігі бар оқушы жұмысы мұғалімдермен қайтадан тексеріледі. Модерацияның қорытындысы бойынша жиынтық жұмыстың балдары жоғары балға, сондай-ақ, төмен балға өзгеруі мүмкін.
  3. Модерация аяқталған соң тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгіде модерация отырысының хаттамасы толтырылады. Хаттама әдістемелік бірлестік жетекшісінде сақталады.

 

5. Тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі

 

  1. Сынып журналында оқушылардың тоқсан барысындағы сабаққа қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары жазылып, осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес оқушылардың тоқсандық, жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.
  2. Оқушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау нәтижелерін тіркеу журналында (бұдан әрі – электрондық журнал) жазылады, олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.
  3. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат оқушылардың оқу жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика ретінде оқушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Бірыңғай ақпараттық және білім беру ортасы» ақпараттық жүйедегі критериалды бағалау күнделігінде электронды түрде ұсынылады.

  1. Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған оқушылардың үлгерім табелі ата-аналарға немесе басқа заңды тұлғаларға оқу жылы және әр тоқсан аяқталған күннен кейін бір апта ішінде танысу үшін беріледі.
  2. 1-сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жұмысы жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3,4- тоқсандарда қойылады.
  3. Сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейтін пәндер бойынша тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:
  • тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады;

«Дене тәрбиесі» пәнінен тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері негізінде қойылады.

  • жылдық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың барлық төрт тоқсан нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады.

1-сыныпта жылдық баға 3 және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады.

44-1. Зияткерлік мектептке қабылданған оқушыларға оқу пәндері бойынша тоқсандық және жылдық бағалардың қойылуы:

  • тоқсандық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңінде меңгерген тақырыптарға құрастырылған   жиынтық   жұмысының   нәтижесі    негізінде  5 балдық бағалау жүйесі бойынша қойылады;
  • тоқсандық баға оқу жоспарларын игергенін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, орта білім беру ұйымында белгіленген тоқсандық баға негізінде қойылады;
  • жылдық баға тоқсандық/семестр бағаларының арифметикалық орташа мәнін шығару бойынша есептеледі (5 балдық жүйеге сәйкес), тек 45-тармақтың үшінші абзацта көрсетілген жағдайдан басқасы.

44-2. Білім беру бағдарламасы бойынша оқыған және Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауысқан оқушылардың нәтижелері электрондық                  журналда                                        қойылуы                                        жалғастырылады. Төртінші тоқсанның соңында, сонымен қатар оқушылардың оқымаған пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілу кезінде қабылданған оқушыларға тоқсандық және жылдық бағаладың қойылу тәртібі:

  • тоқсандық баға жиынтық бағалау нәтижесі негізінде қойылады. Зияткерлік мектеп жазғы демалыс кезінде оқушыға қосымша сабақтар, өздігінен пәнді меңгеру бағдарламасын құрастыру, мұғалімнің онлайн қолдауын ұйымдастырады. Пәндер бойынша жиынтық бағалау Зияткерлік мектеппен дайындалады және 25 тамыздан кешіктірілмей өткізіледі;
  • жылдық баға 4-тоқсанның жиынтық бағалауының нәтижесі негізінде қойылады.Оқу жылының оқу барысында қабылданған оқушылардың жылдық бағасы төрт тоқсанның тоқсандық бағалар жиынтығының (5 балдық бағалау жүйесімен) орта арифметикалық мәнін шығару арқылы есептеледі.
  1. Алынып тасталды;
  2. Алынып тасталды; 47-1. Алынып тасталды;

47-2. Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауыстырылған оқушыларға оқымаған пәндері бойынша тоқсандық және жылдық бағалар осы Ереженің 44-тармағында белгіленген тәртіппен қойылады.

 

6. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру

  1. Оқу жылында пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын Білім беру бағдарламасын ойдағыдай меңгерген оқушылар Зияткерлік мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен келесі сыныпқа көшіріледі.
  2. 1-сынып оқушылары екінші оқу жылына қалдырылмайды, тек ата-ана және басқа заңды өкілдерінің келісімі мен психологиялық-дәрігерлік- педагогикалық консультация ұсынысы бойынша қалдырылады.
  3. Оқу жылы қорытындысы бойынша барлық пәндер бойынша «5» жылдық бағасына аяқтаған 1-4, 7-9 сынып оқушылары педагогикалық кеңестің шешімі бойынша Мақтау қағаздарымен марапатталады.
  4. Алынып тасталды.
  5. Денсаулығына байланысты оқушының дене шынықтыру пәнінен босатылуы – сыныптан-сыныпқа көшуіне әсер етпейді.

7. Оқу жетістіктерін мониторингілеу

  1. ДББҰ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мақсатында ПӨО оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингін өткізеді. Мониторинг жүргізілетін сыныптар мен оқу пәндерінің саны, өткізу түрі және мерзімі оқу жылының басында ДББҰ Басқарма Төрайымының бұйрығымен және шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау саясатымен бекітіледі.
  2. Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу әр түрлі формада (тестілеу, бақылау жұмысы, және т.б.) өткізіледі.
  3. Мониторинг нәтижесі бойынша оқушыларға, мұғалімдерге, ата- аналарға және басқа заңды өкілдерге мониторинг нәтижесі бар жеке есептер беріледі.
  4. Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері мұғалімдермен оқыту үдерісін түзету үшін қолданылады.

 

8. Экстернат үлгісінде білім алатын оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәртібі

  1. Экстернат үлгісінде білім алатын оқушылар пән бойынша оқу бағдарламасындағы материалдың мазмұнын қамтитын әр тоқсан барысында үш жиынтық бағалау орындайды.

Жиынтық жұмыстар төмендегідей тәртіппен орындалады:

  • шетелдік оқу орындарында оқылмайтын пәндерден;
  • шетелдік оқу орындарында оқытылатын, алайда олардың оқу бағдарламасының мазмұны Зияткерлік мектептердің Білім беру бағдарламасымен сәйкес келмейтін пәндерден.

Жиынтық жұмыстарды құрастыруды Зияткерлік мектептер өз бетінше жүргізеді.

Жиынтық бағалаудың нәтижелері оқушылардың оқу жетістіктерін тіркейтін электрондық журналға қойылады.

«Дене тәрбиесі», «Өнер», «Алғашқы әскери дайындық» пәндері бойынша аттестаттау жүргізілмейді, ал білім туралы құжатта «оқылмады» деп жазылады.

Шетелдік оқу орындарында «Дене шынықтыру», «Өнер», «Алғашқы әскери дайындық» пәндерін оқу кезінде аталған пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда білімі туралы құжатқа жылдық баға қойылады.

  1. Экстернат үлгісінде толық оқу жылын оқыған, соның ішінде 2 (3) жыл үздіксіз білім алған оқушыларға тоқсандық (балдар) бағалар қойылмайды.
  2. Экстернат үлгісінде толық оқу жылын оқыған, соның ішінде 2 (3) жыл үздіксіз білім алатын оқушыларға жылдық бағаның қойылуы төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
  • шетелдік оқу орнында, олардың оқу бағдарламалары Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі жағдайында оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжаттарын ұсынған оқушылардың жылдық бағасын қоюдың негізі шетелдегі оқу орнында оқыған пәндер бойынша бағалар (балдар) болып табылады.

Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі болмаған жағдайда шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша белгіленген тәртіппен жылдық баға қойылады.

  • шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша жылдық баға оқу жылы барысындағы әр тоқсанда үш рет өткізілетін жиынтық бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
  1. Зияткерлік мектепке қайтып келген оқушылар үшін тоқсандық және жылдық баға қою төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
  • тоқсандық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңдегі жиынтық бағалау нәтижесі негізінде қойылады;
  • шетелдік оқу орнында, олардың оқу бағдарламалары Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі жағдайында оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжаттарын ұсынған оқушылардың шетелдік оқу орнында оқыған пәндері бойынша жылдық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңдегі жиынтық бағалау нәтижелерінің бағасы (балл) есебінен қойылады. Жылдық баға тоқсандық жиынтық бағаның бағаның орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі (бес балдық жүйемен білімді бағалау). Даулы жағдайда баға өсу жағына айналдырылады. Білім беру бағдарламаларының пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі болмаған жағдайда шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша белгіленген тәртіппен жылдық баға қойылады;
  • шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша жылдық баға оқу жылы барысындағы төрт тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады. Жылдық баға тоқсандық жиынтық бағаның бағаның орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі (бес балдық жүйемен білімді бағалау).

 

9. Академиялық демалыс берілген оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәртібі

  1. Академиялық демалыста болған және Зияткерлік мектепке оқу жылы аяқталғанға дейін қайтып келген оқушылар келесі тәртіптерге сәйкес бағаланады:

– тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады;

– жылдық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңіндегі бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде қойылады.

  1. Академиялық демалыста болған және Зияткерлік мектепке оқу жылы аяқталғаннан кейін қайтып келген оқушыларға, академиялық демалысқа шыққан сыныбында оқуын жалғастыратын оқушылардан басқаларына, ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін пәндер бойынша жылдық ішкі жиынтық бағалауы өткізіледі.

Жылдық жиынтық жұмыс Зияткерлік мектеппен дайындалады және

өткізіледі.

Жиынтық жұмыстың нәтижелері жылдық бағаны қоюға негіз болып табылады.

62-1. Академиялық демалыс кезінде медициналық ұйымдарда оқыған оқушылардың нәтижелері оқу жетістіктерін растайтын құжаты (үлгерім табелі) және оқыған пәндерінің оқу бағдарламалары Зияткерлік мектептің Білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес болған жағдайларында ғана қабылданады. Жылдық баға тоқсандық бағалардың орта арифметикалық мәнін шығару арқылы есептеледі (5 балдық бағалау жүйесімен). Даулы жағдайда баға өсу жағына айналдырылады.

 

10. Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға ерекше жағдайды қамтамасыз ету тәртібі

 

  1. Ерекше қажеттілігі бар екенін растайтын құжаттары толық (дәрігерлік кеңес беру қорытындысы (одан әрі – ДКК), мекенжайы бойынша дәрігерлік- әлеуметтік сараптама қорытындысы (одан әрі – ДӘС) немесе мамандандырылған медициналық мекемеден алынған анықтамасы) оқушыларға жиынтық бағалау кезінде осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес ерекше жағдай ұйымдастырылады.
  2. Ерекше қажеттілігі бар оқушы үшін белгіленетін ерекше жағдай Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
  3. Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға жиынтық бағалаудың балы мен бағасы осы Ережеде бекітілген тәртіптерге сәйкес қойылады.
  4. Ерекше жағдайларды қамтамасыз етуде оның басқа оқушылардан әділетсіз басымдық болмауын қадағалау керек.

 

 

Критериалды бағалаудың жетілдірілген моделіне көшу кестесі

ДББҰ филиалдарының атауы 2019-2020

оқу жылы

2020-2021

оқу жылы

 

 

 

 

1

Нұр-Сұлтан, Семей, Ақтөбе,

Шымкент, Орал, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының физика- математика бағытындағы

Зияткерлік мектептері және

Өскемен, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Алматы, Петропавловск қалаларының химия-биология бағытындағы Зияткерлік

мектептері

 

 

 

 

7-11 сыныптар

 

 

 

 

7-12 сыныптар

 

2

Көкшетау, Талдықорған қалаларының физика- математика бағытындағы

Зияткерлік мектептері

 

1-11 сыныптар

 

1-12 сыныптар

 

 

Балды бағаға ауыстыру шәкілі

Жиынтық бағалау балының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
1-сынып 2-11

сыныптар

0%-20% 0%-39% Қанағаттанғысыз «2»
21%-50% 40%-64% Қанағаттанарлық «3»
51%-80% 65%-84% Жақсы «4»
81%-100% 85%-100% Өте жақсы «5»

 

Ерекше қажеттілігі бар оқушыларға арналған ерекше жағдайлардың түрлері*

 

  • Қосымша уақыт: әрбір оқушыға жиынтық жұмысты аяқтауға қосымша уақыттың берілуі шамамен жиынтық бағалауды өткізу уақытының 25 % құрайды. Ол көру қабілетінің төмендігі (зағип, нашар көретін), есту қабілетінің төмендігі (естімейтін, нашар еститін), қимыл-тірек қызметі және инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын аурулары бар оқушыларға беріледі;
  • оқып берушінің көмегі: көру қабілетінің уақытша бұзылуы немесе көрмеуі жағдайында оқушы үшін сұрақтарды оқитын жауапты адам;
  • жазып берушінің көмегі: жұмысқа тұрақты жарамсыздық немесе жақында алған жарақаты бар оқушы үшін оның жауаптарын жазатын жауапты адам;
  • еске түсіруші: зейініне әсер ететін неврологиялық және танымдық ауытқулары бар, бір ойға қайта келе беретін синдромы бар, келесі тапсырмаға көше алмай, бір сұрақта тоқтап қалатын оқушы үшін оқушының қасында тапсырмаға, сұрақтарға жауап беруге көңіл аудартып отыратын жауапты адам;
  • бақыланатын демалыс үзілісі: оқушының демалуы үшін жиынтық бағалауды тоқтату. Бұл жиынтық бағалау уақытына кірмейді;
  • практикалық ассистент: оқушының нұсқаулығы бойынша практикалық жұмысты орындайтын жауапты адам;
  • жеке кезекшілік: басқа оқушылардың мазасын алмау мақсатында бөлек аудиторияда, оқушыға кезекшімен бірге қолжетімді жағдай ұйымдастырылады;
  • дауыстап оқу: оқушыға жиынтық жұмысының сұрақтарын дауыстап оқуға рұқсат беріледі. Ол үшін бөлек кезекшілік талап етіледі;
  • үлкейткіш әйнекті (лупаны) қолдану: визуалды қабылдау қиындықтары ескеріліп, оқушыға үлкейткіш әйнекті пайдалануға рұқсат етіледі;
  • түстердің атауы: түсті айыра алмайтын (дальтонизм) оқушылар кезекшіден түстердің атауларын сұрауына болады.

 

*Жиынтық бағалау өткізу кезінде оқушыларға бірнеше ерекше жағдай берілуі мүмкін.