г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
8 (7252) 77-55-33
info@hbsh.nis.edu.kz

Қоғамға қызмет

Қоғамға қызмет

Бағдарлама волонтерлік тәжірибені тұрақты негізде және атаулы түрде ұсынады, азаматтық жауапкершілікті, патриоттық сезімді, адамгершілік қасиеттерді, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін оқушыларды әлеуметтік жобалар мен практикаларға тарту көзделеді. Бұл оқушыларға сынып жұмысының шеңберінен шығуға, қоғамның әлеуметтік проблемаларымен танысуға және оларды шешуге айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді. Оқушылар жылына кем дегенде 10 сағатты қоғамға қызмет етуге арнауы керек.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында біздің мектепте бірнеше бағытта жұмыс жоспары құрылды, онда қатысушылар әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлестерін қоса алады.

«Волонтер» сөзі латынның voluntarius (ерікті) сөзінен шыққан. Яғни, волонтер-ерікті, өз еркімен өзіне қандай да бір міндеттер жүктейтін және оларды басқа адамдар үшін ақысыз орындайтын адам.

Жасөспірімдерді волонтерлік ұйымдардың қызметіне тарту дамудың жаңа жағдайын тудырады, нәтижесінде жасөспірім өзін қоғамның пайдасыз және қабылданбаған мүшесі ретінде қабылдамайды. Енді ол басқаларға көмектесе алады, демек, оның әлеуметтік рөлі өзгереді, ол оң және белсенді болады.

Әр айдың бірінші және екінші сенбісінде еріктілер «Бауыржан» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барады. Еріктілер балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін қызығушылықтары бойынша клубтар өткізеді, сондай-ақ физика және математика пәндері бойынша есептерді шешуге көмектесті.

Балалар ауылында жеті үй бар, олардың әрқайсысында бір үлкен достық отбасы тұрады. Әр отбасының тәрбиеленушілерімен екі волонтер айналысады. Клубтар кезінде тәрбиеленушілер Қытай және ағылшын тілдерін, заманауи билерді, вокал негіздері мен сурет салу өнерін үйренеді, сондай-ақ химиялық эксперименттер жүргізеді.

"Қоғамға қызмет" жобасы аясында "KZhol" оңалту орталығымен бірлесіп өткізген шара

Шаңыраққа бекітілген қарт адамдармен жұмыс

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында еріктілер егде жастағы адамдармен кездесулер өткізеді , олардың мақсаты егде жастағы адамдарға деген құрмет пен қамқорлықты қалыптастыру және қарт адамдарда цифрлық дағдылар мен компьютерлік сауаттылықты дамыту болып табылады.

"Ізгілікке Жарысайық" қоғамдық қайырымдылық қорымен жалпы іс-шаралар жоспарына сәйкес бірлескен іс-шаралар өткізу"

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған