г.Шымкент, мкр. Нурсат, 1А
8 (7252) 77-55-33
info@hbsh.nis.edu.kz

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызмет

Біздің мектебімізде өз іс−әрекетін төмендегі бағыттарда жүзеге асыратын психологиялық қызмет жұмыс істейді:

•Педагогикалық−психологиялық дамыту жұмысы. Жыл бойы жүзеге асырылады және жұмыстың белгілі бір кезеңіне сәйкес нақты мазмұнмен толықтырылады.

• Оқытушылармен және ата−аналармен жүргізілетін кеңес беру жұмысы. Өткізілген психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін талқылау және оқушы, оқытушы немесе ата−аналардың нақты сұранысына байланысты жыл бойы жүргізіледі.

• Оқыту үдерісін модификациялау және оқыту әдістемелерін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс. Оқушылардың тұлғалық зерттеулерінің нәтижесінде мектеп әкімшілігімен және оқытушылармен бірігіп жүзеге асырылады.
• Қиындықтарға тап болған оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыс. Бұл қиындықтар оқушының жүріс−тұрысында, оқуында көрінуі мүмкін. Көмек жеке немесе топтық психокоррекциялық жұмыстар барысында көрсетіледі.

• Сәтті бейімделуге көмектесетін әлеуметтік және педагогикалық шарттарды құру мен оқу−тәрбиелік үдерісті жетілдіруге бағытталған педагогикалық ұжыммен жүргізілетін ұйымдастырушылық−кеңесшілік жұмыс.

Сіз бізбен төмендегі электрондық пошта арқылы хат алмаса аласыз:


Арынбаева Жанна Маратовна –  arynbayeva_zh@hbsh.nis.edu.kz
Исаева Гульмира Бекбауовна –  isaeva_g@hbsh.nis.edu.kz
Санбаева Алма Нурхановна –  sanbayeva_a@hbsh.nis.edu.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған